Tam Ekrandan çıkmak için
1 - Buraya sağ tıklayın.
2 - "Tam Ekrandan Çık" seçeneğini seçiniz.
Siteye giriş için uyum problemi yaşamamak adına Güncel tarayıcı kullanın!

27 Сәуір 2023 - Бейсенбі


Компаниямыз 2023 жылдың 17-21 сәуір аралығында Американың Чикаго штатында өткен HIMSS 2023 жаһандық конференциясы мен көрмесіне қатысты.

HIMSS Global 2023 медициналық технологиялардың әлемдегі ең беделді көрмесінде AKGÜN өз стентін орналастырды. Іс-шараға компанияның атынан бас директор, бас директордың орынбасары, сонымен қатар компанияның жетекші мамандары қатысты.

Стентімізді Түркия Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Шуайип Биринджи, Денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелері жөніндегі бас директордың орынбасары Шахин Айдын, Чикаго штатының бас консулы Энгин Туресин, сонымен қатар денсаулық сақтау саласын цифрландыру секторының сарапшылары мен майталмандары тамашалады.

AKGÜN компаниясы көрмеде денсаулық сақтау саласындағы инновациялық шешімдерімен танылды

AKGÜN денсаулық сақтау саласында жетекшілік ете отырып, елімізді халықаралық аренада көрсетуді жалғастыруда. Компаниямыз жыл сайын аталмыш іс-шараға қатысып медициналық мекемелерді толықтай автоматтандыруға арналған шешімдерін ұсынады.

AKGÜN-нен денсаулық сақтау саласындағы инновациялық шешімдер

Компаниямыздың стендінде келесі өнімдер ұсынылды: медициналық ақпараттық жүйе, iVital реанимация бөлімін басқару жүйесі, X-Eye Mammo сүт безі обырын анықтаудың автоматтандырылған жүйесі, X-Eye Thorax өкпе рентгенографиясында ісіктерді анықтаудың автоматтандырылған жүйесі, Eye RibOut рентгендік кеуде қуысының сүйектерін басу жүйесі, X-Eye Covid шешім қабылдауды қолдау жүйесі, MobileANKA мобильдік қосымшасы, клиникалық биохимиялық нәтижелерді интерпретациялау интеллектуалды жүйесі (BioBOT), телерадиология және телемедицина бойынша бағдарламалық өнімдер мен шешімдер және т.б.

Жарқын болашақ AKGUN-мен бірге

Компаниямыз жарқын болашақ үшін инновациялық бағдарламалық шешімдерді әзірлейді және енгізеді. Медицина қызметкерлерінің күнделікті жұмысын қоспағанда, медицина мен қоғамның дамуына үлес қосып келеміз. Жарқын және салауатты болашақ бізбен бірге.